Егер сіз біздің команданың мүшесі болғыңыз келсе, түйіндемеңізді пошта арқылы немесе төмендегі форма арқылы жіберіңіз.
Handy Engineering ЖШС
Қазіргі уақыттағы бос орындар
Атырау қ., Азаттық даңғылы, 2д
«Caspian Offshore Construction Realty» (COC Realty) — Батыс Қазақстанда мұнай-газ секторына қызмет көрсететін жетекші компания. Сіз бізге адамдарды орналастыруды, нысандар мен кеңселерді техникалық басқаруды, азық-түлікпен қамтамасыз етуді, оны қоймада сақтауды, қызметкерлерді тасымалдауды сеніп тапсыра аласыз. Біз өз инвестицияларымыздың есебінен нысандар саламыз, содан кейін олардың ішін сапалы кешенді қызметтің барлық циклімен қамтамасыз етеміз.
Егер сіз стандарттан тыс ойлайтын, өзінің сапаға деген адалдығы мен керемет бейімделгіштігін көрсете алатын компанияны іздесеңіз, онда ол – COC Realty! Біздің қызметтерімізге көп жылдар бойы мұнай-газ саласындағы отандық және шетелдік ірі көшбасшылар сенім артып келеді. Жергілікті қамту бойынша 100% үлесі бар қазақстандық компания бола отырып, біз қызмет көрсету саласында батыстық басқару тәжірибесін ұстанамыз.