Біздің клиенттеріміз – мұнай-газ саласының ірі отандық және шетелдік көшбасшылары. 1000-нан астам қонақүй нөмірлері мен апартаменттерді қамтитын біздің әрбір кешен бірегей сәулетімен және заманауи интерьерімен ерекшеленеді.
01
Біз саланы терең меңгергенімізге сүйене отырып, қызмет көрсету мен жайлылықты жоғары деңгейде қамтамасыз етеміз.
02
Біздің компания қонақ үй нысандарының ақаусыз жұмыс істеуі үшін озық технологиялық шешімдер мен сенімді қызметтерді ұсынады.
03
Біз клиенттерімізге мінсіз тәжірибе бере отырып, қонақүй жұмысының барлық аспектісін тиімді басқарамыз.
Handy Engineering-ке қош келдіңіз – тамаша жайғасуыңызға жағдай жасайтын серіктесіңіз!
Біз қонақ үй, резиденттік және сауықтыру нысандарын басқаруға және оларға қызмет көрсетуге маманданғанбыз.
Біздің команда ыңғайлы бөлмелер мен дәмді тағамдардан бастап, мінсіз жұмыс істейтін фитнес-орталықтар мен сауықтыру кешендеріне дейін сізге қажеттің бәрін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс істейді.
Біз жоғары деңгейде қызмет көрсетіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кепілдік береміз. Бұл сізге бөлмеге орналасқаныңызда мүмкіндігінше жайлылық пен жағымды әсер сыйлайды.
Бізге сеніңіз, біз сіздің демалысыңызды ұмытылмастай етеміз!
Тәулік бойы және үзіліссіз жұмыс істеп тұрған қонақ үйлерді, резиденцияларды, вахталық қалашықтарды басқару. Біздің нысандарымыз арқылы мыңдаған адам өтеді, ал біз үшін оларға қажетті барлық қызметті жылдам, сапалы және толыққанды көрсету маңызды.
Ыңғайлы таза бөлмелер, дәмді мейрамханалар мен барлар, жабдықталған фитнес-орталықтар, СПА-лар мен бассейндер, сонымен қатар мінсіз қызмет көрсету мен қауіпсіздіктің жоғары деңгейі – бұл біздің клиенттерге нағыз қажет нәрсе. Біз ірі қонақ үй желілерімен сәтті бәсекелесіп келе жатырмыз және біздің қызметтеріміздің жаһандық деңгейде сұранысқа ие болуын қамтамасыз етуге тырысамыз.
Қонақ үйлерді, резиденцияларды, вахталық қалашықтарды техникалық басқару, оның ішіне инженерлік шаруалар, жөндеу жұмыстары, техникалық қызмет көрсету кіреді. Ол үшін бізде барлық қажетті мамандар мен құрал-жабдықтар бар.
Handy Engineering компаниясы Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарындағы қонақ үйлерді, отельдерді, резиденцияларды, вахталық қалашықтар мен сауықтыру орталықтарын басқару және кешенді техникалық қызмет көрсетумен айналысады.
Компания штатында 60 адам бар.
Біздің клиенттеріміз – мұнай-газ саласындағы ірі отандық және шетелдік көшбасшылар.
Біз сізге қалай көмектесе аламыз?